Емхана қызметкерлеріне 2027 жылдан бастап қосымша ақы төленеді
Қазақстандағы емхана қызметкерлеріне арнайы қосымша ақы төлене бастайды. Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жаңа бұйрық жобасында медицина қызметкерлерін ынталандыру, емханаларды қаржыландыру тәртібін қайта қарау және жұмыс сапасына қарай үстемеақы беру көзделген, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) және МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі шеңберінде емхана қызметкерлеріне қосымша ақы төленетін болады.
Құжат 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңға енетін өзгерістерге сәйкес, емханалар мен алғашқы медициналық көмекті ақшамен қамтамасыз ету жүйесін жақсартуды көздейді.
«Жобада емхана қызметкерлеріне үстемеақы төлеу тартібін реттеу, сақтандырылмағандар мен скринингке жататындарға төленетін ақшаны есептеуді нақтылау және жұмысын сапалы атқарған емханаларды қосымша ақшамен ынталандыру ұсынылып отыр», – делінген ілеспе ақпаратта.
Айта кетейік, 29 қазанда Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова емханалардағы қызметкерлерге сараланған қосымша ақы енгізу жоспары туралы хабарлаған болатын.
Айта кетейік, сонымен қатар елдегі ветеринарлардың жалақысы артуы мүмкін. Бұл үшін бюджеттен 27 млрд теңге бөлінеді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 қараша 2026