Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды - Кремль

kz.kursiv.media

Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды - Кремль

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер Арменияны дауыс беру құқығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеуінше, бұл шешім Ереванның ұйым алдындағы міндеттемелерін бірнеше жыл бойы орындамауына байланысты қабылданған. Енді Армения дауыс беру құқығынан ғана емес, ҰҚШҰ-дағы жауапты лауазымдарға өз өкілдерін тағайындау мүмкіндігінен де айырылды.

Ұйымның Бас хатшысы Таалатбек Масадыков Армения 2024 жылдан бері мүшелік жаррналарды төлемегенін атап өтті. Жарғының 25-бабына сәйкес, берешек 2 жылдан асса, ел дауыс беру құқығынан айырылады. Дегенмен Армения ұжымдық қауіпсіздік құқығын сақтап қалады. Жарна толық өтелсе, елдің құқықтары қайта калпына келтіріледі.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұған дейін елдің ҰҚШҰ-дан шығарылуын оң қабылдайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, Ереван жақын 5 жылда ұйымдағы жұмысын қайта жандандыруды жоспарлап отырған жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен ҰҚШҰ саммитіне қатысқаны туралы жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар