Жапония соты парламент сайлауы қорытындысын конституцияға қайшы деп тапты
Жапонияның Жоғарғы соты 2025 жылғы шілдеде өткен парламенттің жоғарғы палатасына сайлауды сайлаушылар дауысының теңдігі принципіне сай келмейді деп тапты, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.
Kyodo басылымының ақпаратын сүйенсек, шешімге сайлау округтеріндегі халық санының алшақтығы себеп болған. Мысалы, халық тығыз орналасқан Канагава префектурасындағы бір дауыстың көрсеткіші тұрғыны аз Фукуи префектурасымен салыстырғанда 3,13 есе төмен болған. Жоғарғы сот бұл алшақтықты назардан тыс қалдыруға болмайтынын және парламенттің дауыс теңсіздігін жою жөніндегі әрекеттері тоқырап қалғанын атап өтті.
Дегенмен, сот сайлау нәтижелерін жою туралы талаптарды кері қайтарды.
Айта кетейік, Жапонияда мұндай жағдай бұған дейін де тіркелген. 2010 және 2013 жылдары өткен сайлауларда дауыс көрсеткішінің айырмашылығы сәйкесінше 5 және 4,77 есеге дейін жетіп, конституцияға қайшы деп танылған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 қараша 2026