Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қазпошта» атын жамылған алаяқтар: Прокуратура ескерту жасады

kz.kursiv.media

«Қазпошта» атын жамылған алаяқтар: Прокуратура ескерту жасады

Бас прокуратура қазақстандықтарға «Қазпошта» АҚ атынан тарап жатқан жаңа интернет-алаяқтық туралы ескертті, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Алаяқтар шетелдік нөмірлерден (мысалы, +212 6 12 82 15 27) қазақ тілінде, ресми стильде жазылған хабарламалар жолдауда. Хабарламада сәлемдемені жеткізу үшін мекенжайды нақтылау керектігі айтылып, жалған (фишингтік) сайтқа сілтеме ұсынылады.

Сілтеме арқылы өтіп, жеке деректерін енгізген жағдайда, құпия ақпараттары қаскөйлердің қолына түседі.

Бас прокуратура азаматтардан күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз сайттарға жеке және банктік деректерді енгізбеу, сәлемдемелер туралы ақпаратты тек пошта қызметінің ресми арналары арқылы тексеру керектігін ескертеді.

Айта кетейік жақын арада Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтармен күресетін арнайы сайтты іске қосты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар