Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте жас сақшыларға киберқауіпсіздік сабақтары өткізілді

kz.otyrar.kz

Шымкентте жас сақшыларға киберқауіпсіздік сабақтары өткізілді

Шымкент қаласының полиция департаментіне қарасты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері №36 жалпы орта білім беретін мектепте «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша маңызды кездесулер өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты — жас ұрпаққа интернет алаяқтықтың түрлері мен олардан қалай сақтану керектігі туралы ақпарат беру болатын. Полиция қызметкерлері интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық схемаларын түсіндіріп өтті. Оқушыларға әлеуметтік желілерде кездесетін түрлі алдау тәсілдері, жалған инвестициялық ұсыныстар және жеке мәліметтерді қорғау жолдары бойынша кеңестер берілді.

Кездесуде киберқылмыстың алдын алу үшін назар аударылуы тиіс ерекше аспектілер қарастырылды. Оқушыларға фишингтік хаттар мен сайттарды, сонымен қатар, әлеуметтік инженерия әдістерін тану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері интернетте қауіпсіздік ережелерін сақтау, паролдерді дұрыс таңдау, әлеуметтік желілерде жеке ақпаратты жариялаудан сақтану сияқты негізгі дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Оқушылар белсенділік танытып, кездесудің интерактивті бөлігінде сұрақтар қойып, өздерінің тәжірибелерін бөлісті. Бұл өз кезегінде, киберқұқық бұзушылықтарға қарсы тұруға деген қызығушылықтарын арттырды.

Шымкент қаласының полиция департаменті киберқұқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жалғастырып, жастар арасында қауіпсіз интернет пайдалану мәдениетін қалыптастыру мақсатын көздеп отыр. Мұндай кездесулер әрине, оқушылардың кибер алаяқтыққа қарсы күреске дайындық деңгейін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Сонымен бірге, қоғамда ата-аналар мен мұғалімдер арасында да осындай шараларға қолдау көрсету қажеттілігі аталып өтті. Кибер алаяқтықтың қарсы күресте бірлескен әрекеттер мен ақпарат алмасу өте маңызды.

Сондай-ақ, оқушыларға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпаратты бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді. Оқушыларды қазіргі кезде гүлденіп тұрған алаяқтық іс әркеттерден сақтану жолдарын үйрету бүгінгі күнгі күн тәртібінде тұрған мәселе. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің киберқауіпсіздік сауаттылығын арттырып, интернет кеңістігінде сақтық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Алдағы уақытта алаяқтықтың алдын алуда осы бағыттағы іс-шаралар жалғасын табатын болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар