Solidcore Resources енді Тәжікстанның кен орындарын барлауға кіріспек
Қазақстандық тау-кен өндіруші Solidcore Resources компаниясы Тәжікстан аумағында бағалы және полиметалл кен орындарын барлауға кіріспек. Жобаларды жүзеге асыру үшін компания Тәжікстан Үкіметі жанындағы Геология бас басқармасымен бес жылдық ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Finmentor телеграм-арнасының мәліметінше, келісім аясында Тәжікстан аумағында бағалы және полиметалл кен орындарын іздеу және бағалау мақсатында бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу көзделген.
Жобаларды іске асыру үшін тараптар бірлескен жұмыс тобын құрады. Болашақта бұл әріптестік Тәжікстанда бірлескен кәсіпорындар құруға ұласуы мүмкін.
Ел аумағында жұмыс істеуге арналған операциялық платформа ретінде жақында тіркелген Solidcore Tajikistan еншілес компаниясы пайдаланылады.
Меморандум бес жыл мерзімге жасалған және әзірге заңдық немесе қаржылық міндеттемелер жүктемейді. Нақты жобаларды қаржыландыру шарттары бөлек келісіледі.
Осылайша, Solidcore өз бизнесінің халықаралық географиясын кеңейтуді жалғастырып келеді.
Айта кетейік, Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған алтын өндіруші кәсіпорын «Ертіс гидрометаллургия комбинаты» және «Сырымбет» жобаларынан бөлек, Оман мен Жапонияда геологиялық барлау жобаларын дамытып келеді. Енді бұл тізімге Тәжікстан да қосылды.
Бұған дейін Solidcore Қазақстанда жаңа үш электр станциясын салатынын хабарлаған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 қараша 2026