Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ММА-дан әлем чемпионы болған қазақстандық спортшы алтынынан айырылды

kz.kursiv.media

ММА-дан әлем чемпионы болған қазақстандық спортшы алтынынан айырылды

Халықаралық допинг-тестілеу агенттігі (ITA) аралас жекпе-жек спортшысы Зейнеп Оразханды антидопингтік ережелерді екі рет бұзғаны үшін 3 жылға дисквалификациялады, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Спортшының Индонезияда өткен GAMMA әлем чемпионатындағы (72,6 келіден жоғары салмақ) алтын медалі мен 2024 жылғы 14 желтоқсаннан бергі барлық нәтижелері жойылды. Оның допинг-пробасынан тыйым салынған мельдоний заты табылған.

Сондай-ақ, екінші ереже бұзушылық – рұқсат етілген лимиттен (12 сағат ішінде 100 мл) артық тамыр ішіне сұйықтық құйдырумен байланысты болды. Спортшы өз айыбын мойындаған соң, жаза мерзімі бір жылға қысқартылып, 2029 жылдың 19 қазанына дейін белгіленді.

Айта кетейік, дәл осы әлем чемпионатында қазақстандық тағы екі спортшы – Мажит Сардаров пен Айдын Төлепбаевтың да пробасынан мельдоний табылып, олар тамыз айында 4 жылға спорттан шеттетілген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар