Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы және Астана агломерацияларының құрамы өзгерді

kz.kursiv.media

Алматы және Астана агломерацияларының құрамы өзгерді

Қазақстан үкіметі Алматы және Астана агломерацияларының құрамына кіретін елді мекендер тізіміне өзгеріс енгізді. Тиісті қаулы 2026 жылғы 5 қарашада қабылданды.

Алматы агломерациясының құрамынан алты елді мекен шығарылды. Олар: Заречное, Арна, Жанадаур, Жанаталап, Ынтымақ және Қоянқұс.

Сонымен қатар, агломерация құрамындағы Gate City (Гейт Сити) қаласының орнына Алатау қаласы енгізілді. Ал Астана агломерациясының құрамына Нұрлы елді мекені қосылды.

Бұл өзгерістер осыған дейін болған ірі шешімдердің жалғасы болмақ. Айта кетейік, биыл көктемдегі референдумнан кейін Алатау мен Астана қаласының мәртебесі конституциялық заңмен бекітілетін болды. Кейін депутаттар «Алатау қаласының арнайы режимі туралы» Конституциялық заң жобасын қабылдады.

Оқи отырыңыз: Алатау қаласында инвесторлардың құқығы Конституциямен қорғалатын болады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар