Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыдағы нөсер жауыннан кейін тұрғын үйді су басты

kz.kursiv.media

Алматыдағы нөсер жауыннан кейін тұрғын үйді су басты

Алматыдағы нөсер жауыннан кейін тұрғын үйлердің бірін су басты, тіпті жоғары қабаттарға дейін жеткен деп хабарлайды KTK телеарнасы.

Тұрғындардың сөзінше, су басу таңғы алтыда басталған.

«Таңертең тұрсам, көлкілдеген су үйдің іші. Жарықты жағайын деп едім, тоқ ұрды. Адреналиннен бе оны сезбедім, кейін бәрі реттелген соң ғана түсіндім», – дейді Іңкәр Қалиева.

Тұрғын үйде тұратын азаматтар әуелі суды өз күшімен тоқтатып көрген. Су аққан тұстың барлығына шелек, үлкен шылапшындарды қояды, бірақ онымен тоқтамайды.

Бірнеше рет жергілікті ПИК-ке хабарласып, төтенше қызмет мамандарын шақырады. Олардың сөзінше, қатты жауыннан шатырды су басып, одан әрі пәтерлерге аққан. Келесі жолы тағы қатты жауын кезінде жағдай дәл осылай қайталануы мүмкін дегенді айтады.

Еске салайық, Алматыда 10 қараша кешінен 11 қараша сағат 21:00-ге дейін 42 мм жауын-шашын жауды. Синоптиктердің болжамынша, бір тәулікте айлық жауын-шашынның 76% түскен. Толассыз нөсерден Алматы метросын да су басты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар