Усман Нұрмағамедовтың командасы Мераб Двалишвилиді соққыға жықты (видео)
UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде топ болып жасалған шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Грузиялық спортшы өзін және досын PFL чемпионы Усман Нұрмағамедов пен оның қасындағы адамдар соққыға жыққанын айтты, деп хабарлайды Kursiv Media.
A post shared by MMA Kontrola (@mma_kontrola)
Двалишвилидің сөзінше, ол қонақүй холында сұхбат беріп тұрған кезде бір топ адам артынан келіп, шабуыл жасаған. Спортшы күзет қызметкерлері өзін ұстап тұрған сәтте де қарсы тараптың соққы жасауын тоқтатпағанын мәлімдеді.
«Олар біз жерде жатқан кезде де тебуін тоқтатпады. Қандай еркек мұндай әрекетке барады? Төбелескілерің келсе, еркекше төбелесіңдер. Менің жағдайым жақсы, мен жауынгермін», – деп жазды Двалишвили.
A post shared by Merab Dvalishvili (@merab.dvalishvili)
Оқиғаға UFC файтері Илия Топурия да пікір білдіріп, Усман Нурмагомедов пен оның командасының ұсталғанын хабарлады.
Әзірге UFC басшылығы мен Нұрмағамедовтың өзі де оқиғаға қатысты пікір білдіргені туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, Усман Нурмагомедов – UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы, әйгілі Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 қараша 2026