Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Екібастұзда станция қызметкері жүк вагонының астында қаза тапты

kz.kursiv.media

Екібастұзда станция қызметкері жүк вагонының астында қаза тапты

Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы теміржол станциясында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Қозғалыс жылдамдығын реттеуші болып жұмыс істеген ер адамды жүк вагоны басып кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

«2026 жылғы 10 қарашада Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігінің қозғалыс немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Көлік полициясы азаматтар мен теміржол қызметкерлеріне теміржол нысандары жоғары қауіпті аймақ екенін ескертіп, жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Айта кетейік, осыған дейін Павлодарда теміржолда ауыр жарақат алған 22 жастағы ер адам ауруханада көз жұмған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар