АҚШ Ресейге Еуропамен қауіпсіздік жөнінде жаңа келісім әзірлеуді ұсынды
АҚШ Ресейге Еуропадағы қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жаңа келісім жобасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.
Axios мәліметінше, бұл мәселе Абу-Дабиде өткен Украина бойынша келіссөздердің негізгі тақырыптарының біріне айналған.
Кездесу барысында Ресей өкілдері Украинадағы ауқымды соғыс АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден Владимир Путиннің қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтарына қатысты хатына жауап бермегендіктен басталғанын мәлімдеген.
Бұған жауап ретінде АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Мәскеудің қауіпсіздік саласындағы алаңдаушылық пен талаптарын ескеретін жаңа келісім жобасын әзірлеуді ұсынған.
Құжатта Ресейдің Еуропа елдерімен арадағы шиеленісті азайту үшін қандай «симметриялы қадамдарға» баруға дайын екені де көрсетілуі тиіс. Уиткофф пен Кушнер мәселелерді байыпты талқылау үшін келіссөздерге Еуропа өкілдерін де қатыстыру қажет екенін атап өткен.
Бұған дейін Джаред Кушнер 12 қарашада Мәскеуде Владимир Путинмен өтетін кездесуде Украина бойынша үшжақты келіссөздерге Еуропа елдерін де қосу туралы ұсынысты Стив Уиткоффпен бірге жеткізетінін айтқан.
Оқи отырыңыз: Абу-Дабидегі келіссөздер немен аяқталды
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 қараша 2026