«Дұрыс па, жоқ па»: министр NVIDIA-мен бірлескен жоба жайлы айтты
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек орталық коммуникацимялар қызметінде NVIDIA басшысына қатысты пікірін айтып, бірлескен жоба жайлы жеткізді, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.
Биыл жасанды интеллект бағытындағы білім беру мен зерттеу жұмыстарын біріктіретін арнайы университет ашылған.
Министрдің айтуынша, биылдан бастап университет оқытушылары мен профессорлары жасанды интеллект бойынша арнайы курстардан өтеді.
«62 мыңнан астам қызметкерге тегін ChatGPT Education лицензиясы тегін беріледі. Қазір NVIDIA, Huawei, Google және Lenovo сияқты ірі технологиялық компаниялармен бірлескен жобалар басталған. Дженсен Хуанг қол қойған хаттарды тараттық. Соңғы жағалықтардан кейін дұрыс па, дұрыс емес пе? Бірақ ол жоғары бағасын берді. NVIDIA-мен физикалық жасанды интеллект бойынша лабораторияларды ашамыз», – деді Саясат Нұрбек.
Спикердің сөзінше, жасанды интеллектке қатысты білім беру бағдарламалары мен зерттеу жобалары бір орталыққа біріктіріледі.
Тағы да оқыңыз: Nvidia басшысы Дженсен Хуангтың тағы бір көңілдесі бар болып шықты
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 қараша 2026