«Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды
Шымкент қаласы тұрғындарының қауіпсіздігі маңызды мәселелерінің бірі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасы алдын алу шараларын ұйымдастыруда. Бұл шаралардың басты мақсаты — түнгі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жастар мен қоғам арасындағы вандализмнің алдын алу, сондай-ақ қоғамдағы тәртіпті сақтау болып табылады.
Полиция қызметкерлері «Демалыс», «Вандализм» және «Қауіпсіз қала» атты жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында рейдтер ұйымдастыра отырып, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың болу деректерін тексеріп бастады. Бұл тексерулердің басты мақсаты — жастардың түнде қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды түрлі құқық бұзушылықтардан қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау болып табылады.
Рейд барысында Полиция басқармасының қызметкерлері ойын-сауық орындарын, барлар, клубтар мен басқа да тұрғындардың жиі келетін жерлерін тексерді. Мұндай тексерулер барысында, егер кәмелетке толмағандар түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрсе, бұл фактілер тіркеліп, құқық қорғаушы органдарға хабарламалар жасалды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату фактілерінің алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Соңғы жылдары вандализм оқиғаларының саны көбейіп кеткені бәрімізге белгілі. Полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті сақтау және вандализмнің алдын алу үшін арнайы әдістер мен стратегияларды қолдануда. Рейд барысында қоғамдық орындарда, яғни саябақтар мен алаңдарда вандализм белгілерін анықтау мақсатында бақылау жұмыстары жүргізілді. Жуырда ғана Қошқар ата өзені бойында бұзақылар орындықтарды сындырып, қоқыс жәшігін өзенге лақтырып кеткен болатын. Арада аз ғана уақыт өтпей ақ бұзақы қолға түсті. Ол 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Кінәсін толық мойындаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осындай құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары жастар арасында түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады. Аталмыш іс шара да соның бір парасы болып табылады.
Полицияның әрекеттері тек қана құқық қорғаушылардың міндеттерімен шектелмейді, әрбір азамат қоғамның қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы маңызды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардан алдын алу үшін тұрғындар құқық қорғау органдарына хабарласып, көмек көрсете алады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық Полиция басқармасы ұйымдастырған рейдтік шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жастарды құқық бұзушылықтардан сақтандыруға бағытталған. Бұл тек мемлекеттік шара ғана емес, барлық азаматтардың бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде ғана мүмкін болады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
12 қараша 2026