Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Air Astana тоғыз айда 2,7 млн доллар шығынға ұшырады

kz.kursiv.media

Air Astana тоғыз айда 2,7 млн доллар шығынға ұшырады

Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша Air Astana 2,7 млн доллар таза шығынға ұшырады. Бұған шығындардың кірістен жылдам өсуі мен шетелдік әуе отынының 47%-ға қымбаттауы себеп болған, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Air Astana 2026 жылдың 3-тоқсаны мен тоғыз айындағы қаржылық нәтижелерін жариялады. Компанияның түсімі екі таңбалы қарқынмен өсуін жалғастырп келеді, алайда шығындардың артуы бизнестің рентабельділігін айтарлықтай төмендетіп отыр.

2026 жылдың тоғыз айында Air Astana тобының жалпы кірісі 17,9%-ға артып, 1,29 млрд долларға жетті. Дегенмен ақша көп түскенімен, компанияның негізгі операциялық табысы (EBITDAR — ұшақ жалдау мен салықтарды шегергенге дейінгі пайда) 5,7%-ға азайып, 247,3 млн долларды құрады. Тиісінше, бизнестің табыстылық деңгейі де 23,9%-дан 19,1%-ға дейін төмендеді. Нәтижесінде өткен жылы 31,2 млн доллар таза пайда тапқан әуе компаниясы биыл осы кезеңді 2,7 млн доллар таза шығынмен жапты.

Есепті кезеңде жолаушылар саны да 1,1%-ға кеміп, 7,44 млн адам болды. Ал компанияның есепшоттарындағы қолма-қол ақша қоры былтырғы 539,6 млн доллардан 511,5 млн долларға дейін қысқарды.

Десе де, 3-тоқсанда жағдай біршама түзелді: түсім 20,6%-ға өсіп, 529,1 млн долларға жетсе, операциялық табыс (105,6 млн доллар) былтырғы деңгейде сақталды. Бұл тоқсанда компания 18,5 млн доллар таза пайда тапты (өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға аз). Жалпы алғанда, әуе тасымалдаушының басты мәселесі — шығындардың кірістен әлдеқайда жылдам өсуі болып отыр.

Оқи отырыңыз: Табысы азайған Air Astana былтыр Питер Фостерге 700 млн теңгеге жуық сыйақы төлеген

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар