Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Усман Нұрмағамедов 1 жылға сотталуы мүмкін

kz.kursiv.media

Усман Нұрмағамедов 1 жылға сотталуы мүмкін

PFL ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Усман Нұрмағамедов пен оның командасы Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде болған жаппай төбелестен кейін полицияға жеткізілгені хабарланды. UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили ресейлік спортшы мен оның қасындағы адамдар өзін және досын жабылып соққыға жыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv Media.

Оқиға 11 қарашада Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде болған. Грузиялық спортшы қалаға Real American Freestyle (RAF) күрес турниріне қатысу үшін келген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, спортшыларды ұстап әкетті.

Кейбір ақпарат құралдары ресейлік спортшының кінәсі дәлелденсе, БАӘ заңнамасына сәйкес оған бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы немесе шамамен 2700 доллар (1,3 млн теңгеге жуық) айыппұл салынуы мүмкін екенін жазды.

14 қарашада Мераб Двалишвили RAF турнирінде бразилиялық Марлон Мораеспен күресуі тиіс. Қонақүйдегі жанжалдың спортшының алдағы кездесуіне әсер ететіні әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз: Усман Нұрмағамедовтің командасы Мераб Двалишвилиді соққыға жықты (видео)

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар