Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бала Қауіпсіздігі – басты Міндет, ортақ Жауапкершілік

kz.otyrar.kz

Бала Қауіпсіздігі – басты Міндет, ортақ Жауапкершілік

Шымкент қаласында балалар еңбегін қанауға қарсы «Бала қауіпсіздігі – басты міндет, ортақ жауапкершілік» атты ұлттық ақпараттық науқаны аясында білім беру ұйымдарында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған бұл науқан балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіз ортада өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар еңбекке мәжбүрлеу мен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылуда.

Науқанның өзектілігі мен маңызы елімізде балалар еңбегін қанауға қарсы жүргізіліп жатқан түрлі шаралармен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, білім беру ұйымдарының, ата-аналардың, қоғам мен ата-ана институттарының бірлескен күш-жігері арқылы балалардың құқықтарын қорғау, олардың әлеуметке бейімделуін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» акциясы – осы бағыттағы маңызды қадам.

Білім беру ұйымдарында өткізілген кездесулер, семинарлар мен ашық сабақ-лар арқылы ата-аналар мен оқушыларға балалар еңбегін қанаудың зардаптары, құқықтық жауапкершілік туралы ақпараттар берілді. Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – балалардың құқықтарының бұзылмауы, оларды еңбекке мәжбүрлеудің және зорлық-зомбылықтың болмауын қамтамасыз ету.

Шымкент қаласындағы Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен құқықтық түсіндіру жұмыстары өткізілді. Шараға оқушылар мен қатар ата-аналар да қатысты. Кездесу барысында балалардың құқықтарын қорғау, оларды еңбекке тартпау және қауіп-қатерлерден сақтау жөніндегі мәселелер терең талқыланды. Мұнда ата-аналар мен мұғалімдер балалармен бірге болып, олардың қауіпсіз әрі бақытты өмір сүруі үшін қажетті ақпараттармен танысты.

Әрбір баланың білім алуға, демалуға құқығы бар. Сондай-ақ оларды зорлық-зомбылықтан, қанаудың кез келген түрінен қорғау міндетті. Бұл құқықтарды қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет. Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуы – тек жеке отбасының ғана емес, қоғамның, мемлекетіміздің және халықаралық ұйымдардың да жауапкершілігінде.

Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, олардың құқықтарын қорғау – әр ата-ананың, педагогтың, қоғам мүшесінің басты міндеті. Тек бірге әрекет еткенде ғана, балалардың құқықтарын сақтап, оларға қауіпсіз, бақытты және жарқын болашақ ұсынып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз.

Науқанның нәтижесінде тұрғындар арасында балалардың құқықтары, олардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты ақпараттану артып қана қоймай, түсіністік, ынтымақтастық пен белсенділік те нығайды. Бала қауіпсіздігіне ортақ жауапкершілік – бұл баршамыздың міндетіміз. Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында алдағы уақытта да аталмыш бағыттағы іс-шаралар жалғасын табатын болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар