Топ-менеджерлердің ұсталуынан кейін «ҚТЖ» IPO-сы кейінге шегерілуі мүмкін
«ҚТЖ» мен «Самұрық-Қазына» қоры басшыларының ұсталуына байланысты «Қазақстан темір жолының» қор нарығына шығуы белгісіз мерзімге кейінге шегерілуі мүмкін. Мұндай пікірді QAMS қауымдастығының атқарушы директоры Данияр Темірбаев білдірді, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.
Айтуынша, «Самұрық-Қазына» тобында жүріп жатқан қылмыстық тергеу жағдайында мұндай шешімдерді қабылдау қиынға соғады.
«ҚТЖ акцияларын жария орналастыру, шамасы, белгісіз мерзімге шегерілетін болады, өйткені IPO өткізу үшін бірқатар корпоративтік шешімдер қабылдау қажет. Ал «Самұрық-Қазына» тобында қылмыстық тергеу жүріп жатқан жағдайда оларды қабылдау мүмкін емес», – деп атап өтті Темірбаев.
Еске сала кетейік, ҚТЖ акцияларын бірден үш қор алаңында – қазақстандық Astana International Exchange (AIX), Лондон қор биржасы (LSE) және Гонконг қор биржасында (HKEX) орналастыруды жоспарлаған.
Bloomberg агенттігінің дерегінше, компания акцияларының 20%-ын орналастыру арқылы шамамен 5 млрд доллар тартуды көздеген. Түскен қаражатты борыш жүктемесін азайтуға және теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға бағыттау жоспарланған еді.
«Қазақстан темір жолы» 2026 жылдың алғашқы алты айында 191 млрд теңге таза пайда тапты. Ал компанияның қарызы шамамен 3,9 трлн теңгеге жеткен.
Еске сала кетейік, 12 қарашада «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиев сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.
Кейінірек «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді.
Оқи отырыңыз:
- Соңғы
- Қараша, 12
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
13 қараша 2026