Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Андрей Демченко елордалық «Жеңіс» клубының бас бапкері қызметіне оралды

kz.kursiv.media

Андрей Демченко елордалық «Жеңіс» клубының бас бапкері қызметіне оралды

50 жастағы украиналық маман Андрей Демченко ҚПЛ-2027 маусымы қарсаңында елордалық «Жеңіс» футбол клубының тізгінін қайта ұстады, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Демченко бұған дейін «Жеңісті» 2025 жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында жаттықтырып, 17 матчта 8 жеңіске жеткізген (6 тең ойын, 3 жеңіліс). Сол маусымда елордалықтар чемпионатты алтыншы орынмен аяқтаған еді. Жаңа маусымда оған жергілікті мамандар Антон Чичулин мен Олег Воскобойников көмектесетін болады.

2026 жылы бапкер әзербайжандық «Араз-Нахчыван» және грузиялық «Иберия 1999» клубтарында жұмыс істеп, соңғысымен УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған. Ал «Жеңіс» өткен ҚПЛ-2026 маусымында 36 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтады.

«Жеңіске» қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Алдымызда үлкен әрі биік мақсаттар тұр. Бірге зор жетістіктерге жетеміз деп сенемін», – деді Андрей Демченко.

«Жеңіс» клубы 1964 жылы құрылған, үш рет Қазақстан чемпионы (2000, 2001, 2006) және үш рет ел Кубогының жеңімпазы (2001, 2002, 2005) атанған.

2025 жылы қараша айында клубты Kaspi.kz құрылтайшысы әрі басшысы Михаил Ломтадзе сатып алған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар