Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ЦентрКредит Банкі клиенттеріне қаржы сауаты туралы балалар кітабын сыйлады

kz.kursiv.media

ЦентрКредит Банкі клиенттеріне қаржы сауаты туралы балалар кітабын сыйлады

Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қаржы сарапшысы Лаура Байжарасованың «Байлық формуласы» атты кітабының тұсауы кесілді. Аталмыш кітап 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдерді қаржы сауаттылығына баулуға арналған. Туындының жарық көруіне ЦентрКредит Банкі қолдау білдірді.

Ұлттық валюта күні қарсаңында еліміздің әр өңіріндегі банктің бөлімшелерінде аталмыш кітап клиенттерге тарту етілді. Банк бұл сыйлық әр отбасының баламен ақша тақырыбында ашық әңгіме бастауына сеп болады деген сенімде.

«Ұлттық валюта күні – қаржы сауаттылығының қайдан бастау алатыны төңірегінде ой толғайтын тамаша сәт. Себебі қаржы мәдениеті әдетте бала кезден, яғни алғашқы қалта ақшасынан, алға қойған алғашқы мақсаты мен дербес жасаған алғашқы таңдауынан басталады. Лаура Байжарасованың еңбегі жасөспірімдерге тым күрделі сөзсіз, түсінікті тілде бағыт-бағдар беріп, қаржыны орнымен жұмсауды үйретеді. Сондықтан бұл бастаманы ықыласпен қолдап, кітапты клиенттерімізге сыйға тарттық. Бұл – банкіміз қаржы сауаттылығы аясында тұрақты түрде жүзеге асырып келе жатқан ауқымды жобамыздың бірі », – дейді Руслан Владимиров, ЦентрКредит Банкінің президенті.

«Байлық формуласы» жас оқырмандарға ақшаны дұрыс жұмсап, қаржы мақсатын қоюды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді. Кітапта күнделікті өмірден алынған мысалдар арқылы шығынды жоспарлау, үлкен сатып алуларға қаражат жинау және қажетті нәрсе мен көздің жауын алған өткінші әуестікті ажырату жолдары қарапайым түсіндірілген.

«Бүгінде балалар ақшамен біз ойлағаннан әлдеқайда ерте бетпе-бет келеді. Атап айтсақ, мобильді қосымша арқылы сауда жасайды, сыйлық алады, алғашқы тиын-тебенін жинайды. Сондықтан оларға ақшаның айналымы мен оны басқарудың қыр-сырын зеріктіретін құрғақ формуласыз, қарапайым әрі ұғынықты түрде түсіндіретін еңбек жазғым келді. Бастамаға қолдау білдірген ЦентрКредит Банкі ұжымына ризашылығым шексіз. Осы қолдаудың арқасында кітабымыз еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған жас оқырманның қолына тиіп жатыр», – дейді кітап авторы Лаура Байжарасова.

ЦентрКредит Банкі қаржы сауаттылығын арттыратын жобаларға әрқашан қолдау білдіріп, бұл бағыттағы пайдалы материалдарды өз ресурстарында тұрақты жариялап келеді. Ал «Байлық формуласы» кітабы осы игі істің жас оқырмандарға арналған жалғасы болмақ.

ҚНРДА 05.08.2026 жылы берген № 1.1.856.145 әмбебап банк лицензиясы.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар