Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бір ай өтсе де сәбилі келіншекті қағып кеткен жүргізуші әлі табылмады

kz.kursiv.media

Бір ай өтсе де сәбилі келіншекті қағып кеткен жүргізуші әлі табылмады

Осыдан тура бір ай бұрын Қызылордада ер адам сәбилі келіншекті қағып кеткен еді. Арада отыз күн өтсе де полиция күдіктіні тапқан жоқ деп жазады Kursiv Media.

13 қазанда Қызылордада көлік рөлінде отырған ер адам жол жиегінде кетіп бара жатқан сәбилі келіншекті қағып кеткен. Бірақ кері бұрылмастан оқиға орнынан ізін суытады. Ал әлі бірге толмаған сәби қайтыс болып, 25 жастағы келіншек ауыр халде ауруханаға түсті. Дәрігерлердің сөзінше, өте қатты шок алған, бас сүйегі зақымдалған. Машина қаққан сол жақ тұсы, иығы, өкшесі сынған.

Қазір ол үйіне шыққан, денсаулығы ақырындап қалпына келіп жатыр дейді туыстары.

Сол кезде Қызылорда полиция департаменті қылмыстық іс қозғағанын хабарлап, күдіктіге іздеу жариялаған еді. Арада бір ай өтсе де 25 жастағы Алексей Великовтың қайда кеткені белгісіз.

Жәбірленуші Наргиздің әпкесі Мөлдір Жаңбырбайдың сөзінше, ол шетелге кетіп қалған болуы да мүмкін. Облыстық полиция өкілдері іздеу жалғасып жатқанын ғана айтты, өзге мәлімет берілген жоқ.

Оқи отырыңыз: Сәбилі келіншекті қағып кеткен күдікті туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар