Астанада антитеррорлық оқу-жаттығуға байланысты жол қозғалысы шектеледі
13 қарашада сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Астанадағы Қазақ ұлттық спорт университетінде антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді. Осыған байланысты елордада көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына шектеу қойылады.
Астана қаласының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының мәліметінше, оқу-жаттығудың мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың террорлық актілерге жедел әрекет етуге дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу өтетін аумақта, яғни Қарқаралы тасжолы, 15 мекенжайы маңында көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектеледі.
Жедел штаб қала тұрғындарын оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нұсқауларын орындауға шақырды.
Сондай-ақ тұрғындарға тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпарат таратпау ескертілді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
13 қараша 2026