Ішкі рейстердің билет бағасы қалай қалыптасады: мамандар тексеріс жүргізеді
Қазақстанда ішкі әуе рейстеріне арналған билеттердің бағасы мен тарифтердің қалыптасу тәртібі тексеріледі. Бұл мәселе сауда және интеграция министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің отырысында көтерілді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қоғамдық кеңес мүшесі Марлен Смаилов Қазақстан ішіндегі әуе рейстеріне билет құнының қалай белгіленетіні және бағаның ашықтығы мәселесіне назар аударды.
Талқылау қорытындысы бойынша сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне көлік министрлігімен және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, әуе билеттерінің бағасына мониторинг жүргізу ұсынылды.
Сондай-ақ тарифтердің қалай қалыптасатынын зерделеу тапсырылды.
Бұдан бөлек, жолаушыларға билет бағасын әр күн бойынша салыстыруға мүмкіндік беретін арнайы күнтізбе енгізу ұсынылды.
Сондай-ақ билет құны өзгерген жағдайда пайдаланушыларға хабарлама жіберу мүмкіндігін қарастыру көзделіп отыр.
Отырыста айтылған ұсыныстарды жауапты мемлекеттік органдар пысықтайды. Ал олардың орындалуын қоғамдық кеңес бақылауда ұстайды.
Оқи отырыңыз: Аптасына 923 рейс: биыл Қазақстаннан қай елдерге жаңа рейстер ашылды
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
13 қараша 2026