Молдова – Қазақстан: Ұлттар лигасының матчын қайдан тікелей көруге болады
Бүгін, 13 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Молдова құрамасымен кездеседі. Ойын Кишинев қаласындағы «Зимбру» стадионында өтеді, деп хабарлайды Kursiv Media.
Молдова мен Қазақстан арасындағы кездесу Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Қос құрама бұған дейін Астанада кездескен. Сол ойында Қазақстан футболшылары Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберген болатын.
Кездесуде Молдова сапынан Ники Клещенко 45+1-минутта есеп ашса, Петру Попеску 50-минутта командасының басымдығын арттырды. Қазақстан құрамасының жалғыз голын 64-минутта Нұралы Әліп соқты.
Ұлттар лигасындағы төрт турдан кейін Молдова құрамасының еншісінде төрт ұпай бар. Ал Қазақстан екі ұпай жинаған.
Қазақстан құрамасы бұған дейінгі турда өз алаңында Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті. Ал Молдова өз жанкүйерлерінің алдында Словакиядан 0:4 есебімен жеңілді.
Осылайша Кишиневтегі кездесу екі құрама үшін де турнирлік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстан құрамасы сырт алаңда алғашқы жеңісіне қол жеткізуге тырысады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
13 қараша 2026