Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев 14 адамның өмірін қиған жол апатынан кейін БАӘ басшысына көңіл айтты

kz.kursiv.media

Тоқаев 14 адамның өмірін қиған жол апатынан кейін БАӘ басшысына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра әмірлігінде болған ірі жол-көлік оқиғасына байланысты БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қайғылы оқиға салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы 30-ы түрлі жарақат алған.

Ақорда хабарлауынша, мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, бауырлас БАӘ халқына қолдау білдірді. Сондай-ақ, президент зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Еске сала кетейік, апат шейх Халифа бен Заид тасжолында болған. Онда 18 жеңіл және 5 жүк көлігі соқтығысқан. Фуджейра полициясының мәліметінше, жүк көлігі жүргізушілерінің бірі рөлге ие бола алмай, өзге көліктерге соғылып, өртене бастаған. Жалын лезде жақын маңдағы машиналарға жайылған.

WAM агенттігінің дерегінше, жарақат алған 15 адам ауруханадан шығарылды, тағы 15 науқас дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар