Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық Changan UNI-S пен Қытайдың CS55 Plus нұсқасының айырмашылығы қандай

kz.kursiv.media

Қазақстандық Changan UNI-S пен Қытайдың CS55 Plus нұсқасының айырмашылығы қандай

Қазақстан нарығына ресми Changan UNI-S шықты. Кроссовердің бағасы – 11,8 млн теңге. Ол жеке импорттаушылар әкелетін CS55 Plus нұсқасынан бірқатар ерекшелігімен көзге түседі. Дегенмен екі көлік те бір модельге жатады. Олардың айырмашылықтарын автоблогер Роман Масленников салыстырып көрді.

Масленников ең алдымен Қазақстан нарығына арналған UNI-S моделінің толық жетек жүйесімен жабдықталғанын атап өтті. Ал Қытайдағы базалық CS55 Plus нұсқасы алдыңғы жетекпен жүреді.

Қазақстанға бейімдеу мұнымен шектелмейді. Блогердің айтуынша, Changan UNI-S қозғалтқышы ауа температурасы −40 градусқа дейін төмендегенде іске қосылуға есептелген. Ал Қытай нарығындағы нұсқаның көрсеткіші – −30 градус. Қосымша 10 градус әсіресе қысы қатты өңірлер үшін маңызды.

Екі көлік те отынды тікелей бүрку жүйесі бар 1,5 литрлік турбокомпрессорлы қозғалтқышпен жабдықталған. Алайда Қазақстанға арналған нұсқада отын бүрку қысымы 350 барға дейін төмендетілген. Блогердің түсіндіруінше, бұл қозғалтқыштың жанармай сапасына сезімталдығын азайтып, детонация қаупінен қорғауға көмектеседі.

Күнделікті қолданыста байқалатын тағы бір айырмашылық – жанармай багының көлемі. Ресми UNI-S моделінің багы 68 литр болса, Қытайдағы CS55 Plus нұсқасында 51 литр.

Көліктердің салонында да айтарлықтай айырмашылық бар. Қазақстанға арналған Changan UNI-S алдыңғы әйнекті, әйнек жуғыш сұйықтық бүріккіштерін, рульді және артқы орындықтарды жылыту жүйесімен жабдықталған. Алдыңғы орындықтардың отырғышы мен арқалығын да жылытуға болады.

Қытай нұсқасында жылыту функциялары аздау. Мысалы, онда руль мен артқы орындықтарды жылыту қарастырылмаған. Ал алдыңғы орындықтарда тек отырғышты жылыту функциясы болуы мүмкін.

Сонымен қатар Қытай нарығына арналған CS55 Plus моделінің ең жоғарғы жинақтамасында алдыңғы жолаушы орындығында массаж жасау және аяқты созып отыруға арналған тіреуіш бар. Масленников Қазақстанға арналған нұсқадан мұндай функцияларды байқамаған.

UNI-S мультимедиа жүйесінде қазақ, орыс, ағылшын, қытай, португал, араб және өзбек тілдері қолжетімді. Сондай-ақ Android Auto және Apple CarPlay жүйелерін қосуға болады. Ал Қытай нарығына арналған нұсқаның интерфейсі тек қытай тілінде.

Ресми Changan UNI-S моделінің жүксалғыш көлемі – 475 литр. Еденінің астында шағын қосалқы дөңгелек орналасқан. Тағы бір қолайлы тұсы – жүксалғышта перде қарастырылған. Қытай нарығына арналған кроссоверде мұндай жабдық жоқ.

Масленников кепілдік мерзіміне де назар аударды. Changan UNI-S моделіне бес жыл немесе 150 мың шақырым жүріс кепілдігі беріледі. Ал жеке импорттаушылар әкелген көліктерге жергілікті өкілдің кепілдігі жүрмейді.

Дегенмен пікір қалдырған автокөлік иелері кепілдіктің жоспарлы техникалық қызмет көрсету шығындарын жоймайтынын атап өтті. Олардың бағалауынша, бес жыл ішінде мұндай шығын 2–3 млн теңгеге жетуі мүмкін.

Сондай-ақ қолданушылар Қытай нарығында жабдықталуы жағынан анағұрлым бай CS55 Plus нұсқалары бар екенін еске салды. Сондықтан салыстыру нарықта қолжетімді барлық жинақтаманың айырмашылығын толық көрсете бермейді.

Тағы да оқыңыз: Бағасы 11,79 млн теңге: Changan UNI-S 4WD кроссоверінің сатылымы басталды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар