Дженсен Хуанг кейсі: Дуров құрылтайшыларға директорлар кеңесін құрмауға кеңес берді
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров NVIDIA басшысы Дженсен Хуангтың жағдайына қатысты пікір білдіріп, компания құрылтайшыларына директорлар кеңесіне тәуелді болмауға кеңес берді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Дженсен жаңадан бастаған адамның қателігін жіберді. Оның директорлар кеңесі болды. 2014 жылы мен тыңшыларға жол беруден бас тартқаным үшін директорлар кеңесі мені қызметтен қуды. Ал 2026 жылы Дженсеннің директорлар кеңесі тыңшыға «иә» дегені үшін оны қызметінен қуды. Демек, директорлар кеңесі кез келген жағдайда сенен құтылуға тырысады. Құрылтайшылар, директорлар кеңесінсіз жұмыс істеңдер. Олардың орнына өздерің шешім қабылдаңдар», – деп жазды Павел Дуров.
Қазан айының соңында NVIDIA басшысы Хуангтың Элис есімді әйелмен жақын қарым-қатынасы бары туралы ақпарат шыққан. Ол Nvidia чиптерін ірі көлемде сатып алатын сингапурлық Megaspeed компаниясымен байланысты.
АҚШ арнайы қызметтері Элистің Қытайға ақпарат берген я бермегенін тексеріп жатқаны хабарланған.
Артынша, Дженсен Хуанг қызметкерлеріне жазған хатында әйеліне опасыздық жасағанын мойындаған.
Кейін оның тағы бір көңілдесі бары хабарланып, Дженсен Хуанг Nvidia басшысы қызметінен кетті. Ал бүгін Хуанг компаниясындағы тағы бір қызметкерімен жақын қатынаста болғаны жайлы әңгіме тарады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
13 қараша 2026