Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қас жауымыз: енді мемлекет қаржысының жұмсалуын арнайы комиссия қадағалайды

kz.kursiv.media

«Қас жауымыз: енді мемлекет қаржысының жұмсалуын арнайы комиссия қадағалайды

Қазақстан президенті сыбайлас жемқорлыққа батқан адамдарды елдің қас жауы деп атап, олардың «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіруге тырысып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіріп, зиян тигізуді ойлап жүр. Біз бұған, әлбетте, ешқашан жол бермейміз», – деді мемлекет басшысы.

Президент бағдарламаның аясында салынатын барлық әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының сапалы болуы керегін атап өтті. Олардың қатарында жолдар, әуежайлар, емханалар, оңалту орталықтары, шығармашылық үйлері, мектептер мен спорт кешендері бар.

«Бұл – мүлтіксіз орындалуға тиіс талап. Мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуын арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайды. Оның құрамы келесі аптаның басында жарияланады», – деді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жұмыста Конституцияда бекітілген заң, әділеттілік және тәртіп қағидаттары негізгі бағдар болады. Ол алда түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін екенін де еске салды.

«Сондықтан табандылық танытып, алға қойған мақсаттарымызға міндетті түрде қол жеткіземіз», – деп түйіндеді президент.

Тағы да оқыңыз: Үкімет 10 күнде президентке жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұсыныс беруі керек

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар