Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Баланы бір балабақшадан екіншісіне ауыстыру тәртібі өзгеруі мүмкін

kz.kursiv.media

Баланы бір балабақшадан екіншісіне ауыстыру тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстандағы балабақшаларды ваучер арқылы қаржыландыру жобасы аясында іс жүзінде балабақшаға бармайтын балалар тәрбиеленуші ретінде тіркелген. Сондай-ақ әртүрлі өңірлерде бір баланың бірнеше рет есепке алынған жағдайлары анықталған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін «Қаржы орталығы» АҚ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әр мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеленушілер туралы ақпаратты қайта тексеріп, түзетіп жатыр

«Пилоттық жоба аясында «жалған тәрбиеленушілердің болуы», сондай-ақ әртүрлі өңірлерде бір контингенттің бірнеше рет қайталануы фактілері анықталды», – делінген жауапта.

Балабақшаларды ваучер арқылы қаржыландыру жобасы «ақша баламен бірге жүреді» қағидаты негізінде жүзеге асырылуда. Ваучер тікелей балаға беріледі. Бұл ата-аналарға меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымды өздері таңдауға мүмкіндік береді. Алайда баланы таңдалған балабақшаға орналастыру үшін онда бос орын болуы керек. Егер қалаған балабақшада орын болмаса, ата-ана баланы күту парағына тіркей алады. Кезегін күткен уақытта бала басқа мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленіп, білім ала алады. Пилоттық жоба республика бойынша 20 қала мен 23 аудандағы 6,3 мың мектепке дейінгі ұйымға енгізілген. Осы уақытқа дейін 1,3 млн-нан астам ваучер берілген.

Министрлік пилоттық жобаның нәтижесі бойынша тәрбиеленушілерді бір балабақшадан екіншісіне ауыстыруға арналған жаңа мемлекеттік қызмет енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

«Бұл ретте баланы бір балабақшадан екіншісіне ауыстыру рәсімінің ашықтығы мен реттілігі, сондай-ақ баланың жеке қажеттіліктері мен ата-анасының қалауы ескерілетін болады», – делінген министрліктің жауабында.

Ведомство пилоттық жобаның қорытындысы бойынша ваучерлік қаржыландыру тетігіне қатысты тиісті шешім қабылдайды.

Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметінше, республикада 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оларда 2–6 жас аралығындағы 1,1 млн бала тәрбиеленіп жатыр.

Оның ішінде 5 357 мемлекеттік балабақшада 437 мың бала, ал 6 853 жекеменшік ұйымда 521 мың бала бар. Бұдан бөлек, 167 мың бала мектепалды даярлық сыныптарында білім алады.

Еске салсақ, осыған дейін бұл мәселені құрылтай депутаты Ләззат Қожахметова кқтерген болатын. Ол елдегі балабақшаға кезекке тұру тәртібі мен ваучерлік қаржыландыру жүйесін қайта қарауды ұсынды еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар