Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтар Өзбекстанға паспортсыз кіре ала ма

kz.kursiv.media

Қазақстандықтар Өзбекстанға паспортсыз кіре ала ма

Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарына екі елдің шекарасынан шетелдік паспорттың орнына жеке куәлікпен өтуге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл мәселе Ташкентте өткен екі ел дипломаттарының кездесуінде талқыланды деп хабарлады Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі.

Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасары Олимжон Абдуллаев Қазақстанның елшісі Ералы Тоғжановпен кездескен. Тараптар екі ел азаматтарының өзара сапарын жеңілдету жолдарын қарастырған. Атап айтқанда, шекарадан жеке куәлікпен өту мүмкіндігі талқыланды. Алайда әзірге бұл мәселе бойынша нақты келісім жасалған жоқ. Жаңа тәртіптің қашан енгізілетіні туралы да ақпарат та айтылмады.

QazETA жүйесі бойынша жеңілдіктер талқыланды

Кездесуде Қазақстанның шетел азаматтарына арналған QazETA электронды кіру рұқсат жүйесі де сөз болды. Тараптар осы жүйені пайдалану кезінде Өзбекстан азаматтарына жеңілдіктер беру мүмкіндігін қарастырған. Бірақ қандай жеңілдіктер ұсынылуы мүмкін екені нақтыланбады.

Сонымен қатар Қазақстанда Өзбекстан азаматтарының жұмысқа орналасуы және елде болу жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

Екі ел азаматтарының жеке куәлікпен шекарадан өтуі туралы мәселе алғаш рет көтеріліп отырған жоқ. Бұған дейін 2024 жылғы тамызда Өзбекстан Қазақстанға осындай ұсыныс жасаған.

Қазір жеке куәлік бойынша қазақстандықтар Қырғызстан шекарасынан өте алады. Өзбекстан және Тәжікстан шекарасынан өту үшін шетелдік паспорт қажет. Түркіменстанға кіру үшін қазақстандықтарға виза қажет. Алайда Маңғыстау және Атырау облыстарының тұрақты тұрғындары Түркіменстанның Балқан уәлаятына бес тәулікке визасыз кіре алады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар