Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Саяси сахнадан кеткен Мәулен Әшімбаев қайда жүр

kz.kursiv.media

Саяси сахнадан кеткен Мәулен Әшімбаев қайда жүр

Бұрын Сенат төрағасы болған Мәулен Әшімбаев соңғы бірнеше айда саяси сахнада көрінбей кеткен еді. Бірақ күні кеше QogamNews журналистері оны Астанадағы театрдан көріп қалып, қайда жүргенін сұрады.

Сенат спикері Sham театрының қойылымында болды. Спектакль соңында актерлермен кездесіп, шығармашылықтарына табыс тіледі. Тілшілер экс-төрағаның қандай қызметте жүргенін де сұрады.

«Мен енді халықтың ішіндемін. Өздеріңіз көріп жатырсыздар, күнде шараларға қатысып жатырмыз. Шетелге де барып, сол жақта шаралар өткізіп жатырмыз. Әрі қарай да елімізге, халқымызға қызмет етеміз деп сенемін», – деп қысқа қайырды Мәулен Әшімбаев жауабында.

Еске салайық, 2020-2026 жылдар аралығында Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының төрағасы болған. Бірақ елде жаңа Конституция қабылданып, жаңа Құрылтай қабылданған соң ол лауазымынан босады. Құрылтай төрағасы ретінде бұрын Президент Әкімшілігінде болған Айбек Дәдебай сайланды. Ал бірнеше жыл билікте екінші адм болған Әшімбаев депутаттар тізіміне де енбеді.

Биыл күзде оның Ақордадан жырақтап, 2027 жылғы Адамзат бауырластығы үшін берілетін Зайд сыйлығының қазылар алқасы құрамына енгені белгілі болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар