Алматыдағы Ұлттық кітапхана түн ортасына дейін жұмыс істейді
Алматыдағы Ұлттық кітапхана түн ортасына дейін жұмыс істейді. Бұл туралы ақпарат және мәдениет министрі Арман Қырықбаевтың шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және жастармен кездесуінде айтылды.
Кездесу кезінде Арман Қырықбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының жұмысымен және оқырмандар белсенділігі туралы мәліметтермен танысты. 2026 жылдың мамыр-қараша айларында кітапханаға 26 мыңнан астам жаңа оқырман тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 73,8%-ға көп. Ал 15-35 жас аралығындағы оқырмандар саны 33%-ға өсіп, 24 мыңнан асқан.
Осы уақыт аралығында оқырмандарға 1,6 миллионнан астам құжат берілген. Онлайн қызметтерді пайдаланушылар саны да 13%-ға артып, 932 мыңнан асқан.
Оқырман санының өсуі мен келушілердің сұранысын ескерген министр Ұлттық кітапхананың жұмыс уақыты ұзартылатынын хабарлады. Енді кітапхана түнгі сағат 00:00-ге дейін жұмыс істейді.
Жаңа кесте студенттер мен жұмыс істейтін азаматтарға кітапхана қорын кешкі уақытта да пайдалануға мүмкіндік береді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 қараша 2026