Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен әнші Димаш Құдайберген 2027 жылғы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазады.
Жаңа рейтингті Иордания астанасы Амман қаласында орналасқан Корольдік ислам стратегиялық зерттеулер орталығы жариялады. The Muslim 500 тізімінде Қасым-Жомарт Тоқаев «Саясат» санатына, ал Димаш Құдайберген «Өнер және мәдениет» бөліміне енгізілген.
Рейтинг авторлары алғашқы 50 қатысушының орнын нақты белгілейді. Қалған қатысушыларды қызмет саласына қарай топтастырады. Тізімге тек діни қайраткерлер ғана емес, саясаткерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, спортшылар мен мәдениет өкілдері де кіреді.
Рейтингтің көш басында кімдер тұр?
Биыл тізімнің бірінші орнын бес адам бөліскен. Олар:
Сондай-ақ Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи мен Иордания королі Абдалла II де рейтингтің алғашқы бестігіне енген.
Орталық Азия елдері арасында ең жоғары көрсеткішке Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қол жеткізген. Ол 40-орынға жайғасып, алғаш рет үздік 50 адамның қатарына қосылды. Тізімде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров және танымал спортшы Хабиб Нұрмағомедов те бар. Соңғысына арнайы құрмет белгісі берілген.
Рейтинг қалай жасалады?
The Muslim 500 рейтингі 2009 жылдан бері жарияланып келеді. Оған адамды енгізудегі басты өлшем – оның мұсылман қауымының өміріне, қоғамдық үдерістерге, саясатқа немесе мәдениетке ықпал ету мүмкіндігі.
Жалпы тізім 13 бағытты қамтиды. Олардың қатарында саясат, дін, бизнес, қайырымдылық, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары, өнер және спорт бар.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 қараша 2026