Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей-Украина келіссөзіне Еуропадан қатысатын бес ел анықталды

kz.kursiv.media

Ресей-Украина келіссөзіне Еуропадан қатысатын бес ел анықталды

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысып, Еуропа атынан сөз сөйлейтін бес мемлекет анықталды деп жазады DW.

Еуропалық кеңестің төрағасы Антониу Коштың сөзінше, Украинадағы бейбітшілік мәселесі бойынша еуропалық келіссөздер командасы Еуроодақ институттарының төрағалары және бес мемлекеттен құралды. Ол бес мемлекет қатарында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия және Польша бар.

Бұл мемлекеттер Дублинде өткен бейресми саммит кезінде анықталған. Ал ЕО институттары дегеніміз Еуропалық комиссия және ЕО кеңесі деп түсіндірді Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен.

Германия үкіметі қабылданған шешімді құптады. Берлиндегі үкімет өкілінің айтуынша, бұл шешім Германияның бұған дейін келіссөздерге қатысу жөнінде ұстанған бағыты дұрыс болғанын көрсетті. Енді басты назар бейбіт келісімнің нақты шарттарына аударылуы керек.

Антониу Кошта Еуропа Украина мен құрлықтың қауіпсіздігіне қатысты барлық келіссөзде біртұтас ұстаным білдіруі керегін атап өтті. Сондай-ақ ЕО Украинамен бейбіт келісімге келу, елді қалпына келтіру және оның әл-ауқатын жақсарту мәселелерінде маңызды рөл атқаратынын айтты.

Бұған дейін АҚШ-тың арнайы өкілі Джаред Кушнер енді Ресей-Украина келіссөздеріне Еуропа да қосылатынын айтқан. Украина мұны қолдап отыр, бірақ ресми Мәскеу әзірге еш мәлімдеме жасаған жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар