Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ-тағы байланыс ақауынан мыңдаған рейс кейінге шегерілді

kz.kursiv.media

АҚШ-тағы байланыс ақауынан мыңдаған рейс кейінге шегерілді

13 қарашада АҚШ Федералдық авиация басқармасы (FAA) елдегі барлық әуежайдан ұшақтардың ұшуына уақытша тыйым салды. Бұған әуе қозғалысын басқаратын бірнеше орталықтағы байланыс жүйесінің істен шығуы себеп болған.

Салдарынан мыңдаған әуе рейсі кейінге шегеріліп, кейбірі мүлде тоқтатылды. Ал АҚШ-қа бағыт алған халықаралық рейстердің тағдыры әрқайсысы бойынша жеке шешілді.

Ұшақтардың ұшуына қойылған шектеу төрт сағаттан астам уақытқа созылды. Тыйым алынғаннан кейін АҚШ көлік министрі Шон Даффи ақау байланыс желісіндегі коммутаторлар мен маршрутизаторлардың шамадан тыс жүктелуінен болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Біздің коммутаторлар мен маршрутизаторлар шамадан тыс жүктеліп, бір-біріне сәйкес келмейтін деректер бере бастаған. Сондықтан жүйені өшіруге мәжбүр болдық», – деді ол.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Маркуэйн Маллин әзірге бұл оқиғаның кибершабуылға қатысы барын көрсететін белгілер анықталмағанын айтты. Оның сөзінше, ақау Microsoft сервистерінің жақында болған жұмысындағы іркілістермен де байланысты емес. Қазір оқиғаның нақты себебі тексеріліп жатыр.

АҚШ-та мұндай ауқымдағы шектеу соңғы рет 2023 жылғы қаңтарда енгізілген. Ол кезде FAA компьютерлік жүйесінде ақау шыққан. Ал бұған дейін елдегі барлық әуе рейсін тоқтату туралы шешім 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактілерден кейін қабылданған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар