Қарағанды – Алматы тасжолында жазғы дөңгелекпен жүрген 30 көлік кері қайтарылды
Қарағанды – Алматы тасжолында көктайғаққа байланысты жазғы дөңгелекпен жүрген 30-дан астам көліктің жолға шығуына тыйым салынды. Полиция жүргізушілерді қала сыртына шығармай, кері қайтарған деп хабарласты облыстық полиция департаментінен.
Қарағанды облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, жолдарда көктайғақ пайда болған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, республикалық маңызы бар тасжолдарға тәулік бойы патруль қойды.
Қарағанды облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмахановтың айтуынша, жолдың кейбір бөліктері әлі құрғақ болғанымен, басқа учаскелерде жауын-шашын салдарынан көктайғақ пайда болған.
«Жолдағы ауа райы әлі де күрделі. Кейбір учаскелерде жол құрғақ болса, басқа жерлерде жауын-шашыннан көктайғақ қалыптасты. Сондықтан жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әсіресе жазғы дөңгелекпен жүргендерге ерекше назар аударылады», – деді ол.
Бұдан бөлек, Абай ауданының Топар ауылында полиция қызметкерлері жол үстінде дрифт жасаған үш көлікті анықтады. BMW және Volkswagen маркалы көліктердің жүргізушілері қауіпті маневр жасаған. 18-21 жас аралығындағы жастар ұсақ бұзақылық және көлік жүргізу кезінде маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін айыппұл арқалады.
Еске салайық, 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін жеңіл көліктер мен шағын жүк көліктерінің барлық дөңгелегіне қысқы шина орнатылуы керек. Бұл талапты бұзғандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы бойынша 21 625 теңгеден 86 500 теңгеге дейін айыппұл салынады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 қараша 2026