Трамп Қытайда Путин және Си Цзиньпинмен үшжақты кездесу өткізеді
АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Ресей президенті Владимир Путин және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуді жоспарлап отыр. Үшжақты келіссөздер Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында өтеді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысының көмекшісі Оливия Уэйлс мәлімдеді.
Кездесуде ядролық қару қорын қысқарту мәселесі негізгі тақырыптардың бірі болады. АҚШ әкімшілігінің өкілдері Трамп ядролық қарудың таралуын халықаралық қауіпсіздікке төнетін елеулі қатер деп санайтынын айтты.
Алайда Вашингтон үшжақты кездесуден кейін нақты келісімдер жасалады деп күтпейді. Ақ үй бұл келіссөздерді үш ел басшыларының қаруды бақылау мәселелері бойынша диалогын бастаудың мүмкіндігі ретінде қарастырып отыр.
Тағы бір талқыланатын мәселе Иран төңірегіндегі жағдай болмақ. Ал Украинадағы соғысты үшжақты кездесу аясында талқылау жоспарланбаған. АҚШ өкілінің түсіндіруінше, Украина мәселесі Қытай қатыспайтын АҚШ пен Ресей арасындағы жеке келіссөздерде қаралады.
Трамп пен Си Цзиньпин жеке кездеседі
Үшжақты келіссөздерден бөлек, Дональд Трамп 19 қарашада Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен жеке кездесіп, жұмыс бабындағы түскі ас өткізуді жоспарлап отыр. Кездесуде екі ел арасындағы бұған дейін қол жеткізілген сауда келісімдерінің орындалу барысы талқыланбақ.
Бұған дейін екі көшбасшы қыркүйекте Ақ үйде кездесу өткізген. Дональд Трамп Қытай төрағасымен кездесуде жасанды интеллекттің болашағы мен сауда қатынастарын талқылайтынын айтты. АҚШ президенті екі ел арасындағы сауда мәселелерін шешуде айтарлықтай ілгерілеу бар екенін атап өтті.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 қараша 2026