Теміртауда автобус ағашқа соғылып, жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды
Қарағанды облысының Теміртау қаласында жолаушылар автобусы ағашқа соғылды. Рөлде отырған 64 жастағы жүргізуші көлік басқарып келе жатып, есінен танып қалған. Ол оқиға орнында қайтыс болды.
Оқиға 14 қараша күні сағат 10:30 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Yutong маркалы автобустың жүргізушісінің кенеттен жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Соның салдарынан автобус басқарудан шығып, жол жиегіндегі ағашқа соғылған.
A post shared by Темиртау🇰🇿| Новости, События, Обзоры (@temirtau.today)
Автобус ішінде шамамен 15 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек тіркелген. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Жүргізушінің неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 13
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 қараша 2026