Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Хабар арнасы жаңа шоуын жүргізуге танымал блогерді шақырды

kz.kursiv.media

Хабар арнасы жаңа шоуын жүргізуге танымал блогерді шақырды

23 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасынан «Ой тұмар» атты жаңа ток-шоу көрерменге жол тартады. Бағдарламаны жүргізуге арна басшылығы танымал тұлғаларды шақырған.

Ток-шоудың бес жүргізушісі бар. Олар: тележүргізуші Жайна Сламбек, Мөлдір Досбай, Ләйлә Сұлтанқызы және соңғы күндері блогер ретінде танылып жүрген директор Ақмоншақ Нұртаза мен тағы бір блогер Лаура Лесбек. Соңғысы – қазақстандық танымал блогер, мотивациялық фильмдер мен LAULA Podcast жобасының авторы, сондай-ақ SMM маманы және коуч.

A post shared by «Хабар» телеарнасы (@khabartv)

Бағдарламада адамдардың өмірінде болған оқиғалар арқылы отбасы, бала тәрбиесі, адамдар арасындағы қарым-қатынас және қоғамдағы өзгерістер талқыланады. Жоба кейіпкерлері өз бастарынан өткен оқиғаларды ортаға салып, өмірлік тәжірибесімен бөліседі.

Әр жүргізуші өз тәжірибесі мен көзқарасына сүйене отырып, кейіпкерлердің оқиғасын талқылайды. «Ой тұмар» ток-шоуы 23 қарашадан бастап дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13:10-да «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: Дариға мен Айшолпанның видеосы көпшілікті сүйсінтті

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар