Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елдің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

kz.kursiv.media

Елдің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 15 қарашада Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, ауа сапасы Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында, сондай-ақ түнде Көкшетауда болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай желсіздік, баяу жел, тұман және температуралық инверсия сияқты құбылыстардың қатар келуінен туындайды. Мұндай кезде ластаушы заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналып, ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Синоптиктердің ескертуінше, ҚМЖ кезеңінде ластанған ауаның адам денсаулығына кері әсер ету қаупі артады. Әсіресе созылмалы аурулары бар адамдарға сақ болған жөн.

Қолайсыз метеожағдай кезінде тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға, әсіресе, автокөлік жолдары мен ластанған аймақтарға жақын болмауға кеңес беріледі. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ уақыт серуендеуден бас тарту ұсынылады.

Тыныс алу жүйесі, жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға және аллергиясы бар азаматтарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады. Сондай-ақ ашық ауада ауыр дене жаттығуларын шектеп, мүмкін болса, оларды жабық ғимарат ішінде орындаған дұрыс.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар