НАТО Албанияда өтетін саммитті кейінге қалдырды
НАТО 2027 жылы Албанияда өтеді деп жоспарланған көшбасшылар саммитін өткізбейдін болды. Сонымен қатар альянс қорғаныс және сыртқы істер министрлерінің кездесулер санын қысқартады. Іс-шаралар кестесіндегі өзгерістер туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
Албания премьер-министрі Эди Рама 12 қарашада НАТО көшбасшыларының 2027 жылғы кездесуі болмайтынын мәлімдеді. Алайда ол 2028 жылы Тиранада саммит өткізу мүмкіндігін жоққа шығармады.
НАТО Бас хатшысы Марк Рютте бұл шешімге аса мән бермеуге шақырды.
«Біз саммиттерді қажет болған кезде өткіземіз», – деді ол Associated Press агенттігіне берген сұхбатында.
НАТО үшін саммиттерді жыл сайын өткізу міндетті емес. Бұған дейін альянсқа мүше елдердің көшбасшылары шамамен екі жылда бір рет кездесіп келген.
2026 жылғы қазанда НАТО қорғаныс министрлерінің дәстүрлі кездесуін өткізген жоқ. Мұндай жиын 2027 жылдың қазан айына да жоспарланбаған.
Бұған қоса, келесі жылы сыртқы істер министрлерінің екі кездесуінің орнына біреуі ғана өтеді. Альянс өкілдері бұл өзгерістерді іс-шаралар кестесін қайта ұйымдастырумен түсіндіреді.
Associated Press мәліметінше, бұл өзгерістер одақтастар арасындағы келіспеушіліктер аясында болып жатыр. Оның ішінде қорғаныс шығындарына қатысты пікір қайшылығы да бар.
НАТО-ның кейбір мүшелері Албания қорғаныс саласына жеткілікті қаражат бөлмейді деп есептейді. Болжам бойынша, 2026 жылы елдің қорғаныс шығындары жалпы ішкі өнімнің 2,15%-ын құрайды.
Тағы да оқыңыз: Абу-Дабидегі келіссөздер: үш елдің делегация құрамы белгілі болды
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 14
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
15 қараша 2026