Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Хакерлер Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтің аккаунтына шабуылдаған

kz.kursiv.media

Хакерлер Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтің аккаунтына шабуылдаған

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарына кибершабуыл жасалды. Бұл туралы Minval Politika басылымы жазады.

Олардың нақты қандай әрекетке барғаны, аккаунттарға қандай зиян келтіргені белгісіз. Қазір Президенттің баспасөз қызметі шабуылға байланысты тиісті органдар қажетті шараларды қолға алғанын мәлімдеді.

«Шабуылдардың алдын алу және оларды тергеу үшін тиісті құрылымдар қажетті шараларды қабылдап жатыр», – деп жазылған ресми хабарламада.

Әзірге оқиғаның басқа мән-жайы жарияланған жоқ.

Әлиевтің ресми аккаунттары Instagram, YouTube, Facebook және X әлеуметтік желілерінде бар. Оларға сілтемелер президенттің ресми сайтында көрсетілген. Жаңалық жарияланған кезде аталған аккаунттар қолжетімді болып тұрды. Соңғы жазбада Әлиевтің бір аптадағы жұмысына шолу жасалған бейнеролик жарияланған.

Оқи отырыңыз:

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар