Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елордада мас күйінде электромопед тізгіндеген азамат 20 тәулікке қамалды

kz.kursiv.media

Елордада мас күйінде электромопед тізгіндеген азамат 20 тәулікке қамалды

Елордада демалыс күндері полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 19 жүргізушіні ұстады. Олардың арасында жүргізуші куәлігінсіз электромопед мінген 23 жастағы тұрғын да бар, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

Құқық қорғаушылар жас жігітті Сәтбаев көшесінде жүргізілген профилактикалық рейд кезінде тоқтатқан.

«Тексеру барысында азаматтың жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды. Медициналық куәландыру оның жеңіл дәрежеде мас болғанын растады. Сот шешімімен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып,электромопед арнайы айыппұл тұрағына қойылды», – делінген полиция хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 2025 жылдың сәуірінен бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестірілген. Оларды басқару үшін жүргізуші куәлігі, тіркеу және сақтандыру полисі болуы міндетті.

Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)

Ал ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігіне сәйкес, куәлігі жоқ адамның мас күйінде көлік жүргізуі 20 тәулікке (қайталанса 30 тәулікке) қамауға алуға әкеп соғады.

Айта кетейік, осыған дейін Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші автобусқа соғылып қаза тапқанын жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар