Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында екі халықаралық турнирде топ жарды

kz.kursiv.media

Қазақстандық теннисшілер жұптық сында екі халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Жантөре Санжарұлы Түркия мен Өзбекстанда өткен халықаралық турнирлердің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Асылжан Арыстанбекова Түркияның Анталья қаласында өткен Халықаралық теннис федерациясының (ITF) W15 санатындағы додасында үздік шықты. Ол украиналық Дарья Есипчукпен бірге өнер көрсетіп, финалда румыниялық Стефания Божица мен Анастасия Сафтаны 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Екінші алтын жүлдені 16 жастағы Жантөре Санжарұлы Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ITF J30 турнирінде иеленді.

Жергілікті спортшы Никита Гафуровпен жұп құраған отандасымыз ақтық сында турнир фавориттері – өзбекстандық Сайдумар Саидакбаров пен Ахмаджон Тошмухамедовті 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Бұл – Жантөренің жасөспірімдер деңгейіндегі алғашқы ірі титулы.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар