Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Nurbank мемлекеттік көмектің 6,5 млрд теңгесін қайтарды

kz.kursiv.media

Nurbank мемлекеттік көмектің 6,5 млрд теңгесін қайтарды

16 қарашада Сәрсеновтар әулетіне тиесілі «Нұрбанк» қаржы дағдарысы кезінде мемлекеттен алған көмегінің 6,5 млрд теңгесін қайтарды.

Нұрбанк Қазақстанның банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында мемлекетке тағы 6,5 млрд теңгені мерзімінен бұрын қайтарды.

Банк хабарлағандай, 2025 жылы қайтарылған 4,5 млрд теңгені қоса есептегенде, мерзімінен бұрын өтелген мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемі 11 млрд теңге болды.

«Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесі 1000 теңге номиналды құнымен 6,5 млн облигациясын кері сатып алуды ұйғарды. Мерзімінен бұрын өтелген жалпы сома 6,5 млрд теңгені құрады», – делінген банк хабарламасында.

Нұрбанк қаржы реттеушісі жүргізген AQR (активтер сапасын бағалау) қорытындысынан кейін 2020 жылы Қазақстанның банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысушы болды. Сол жылдың сәуірінде банк 15 жыл мерзімге 46,8 млрд теңгеге субординацияланған облигациялар орналастырған еді. Алғашқы мерзімінен бұрын өтеуден кейін бағдарлама бойынша міндеттемелер 42,3 млрд теңгеге дейін азайды. Жаңа сатып алу қорытындысында берешек тағы 6,5 млрд теңгеге қысқарып, 35,8 млрд теңге қалды.

Қазақстанда қазір 23 банк тіркелген. 2017 жылдары үкімет жүйе құраушы банктерді дағдарыста құтқару үшін қомақты қаржы бөлгені белгілі. Сол кезде көмек алған бірқатар банк борышын қайтарып болды.

Қазір Alatau City Bank, «Еуразиялық банк» және «Нұрбанк» балансында мемлекеттік көмек бар.

Мемлекет көмегін алған банктер арасында бұрынғы – Jusan bank, қазіргі Alatau City Bank-ке ең көп көмек көрсетілген: 1 трлн теңгеге жуық. Оның 275 млрд теңгесін ғана қайтарып, мойнында әлі 725 млрд теңге мемлекетке қарыз тұр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар