Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Софья Самоделкина әлемдегі үздік 10 мәнерлеп сырғанаушының қатарына енді

kz.kursiv.media

Софья Самоделкина әлемдегі үздік 10 мәнерлеп сырғанаушының қатарына енді

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Софья Самоделкина Халықаралық ISU одағының жаңартылған әлемдік рейтингінде алғаш рет 10-орынға көтерілді.

Қазір отандасымыздың еншісінде 2881 ұпай бар. Бұл оған бұған дейінгі 13-сатыдан үш орын жоғарылауға мүмкіндік берді. Әйелдер рейтингінде жапониялық Монэ Тиба (4412 ұпай) көш бастап тұр.

Спортшының рейтингте жоғарылауына АҚШ-тың Эверетт қаласында өткен Гран-при сериясының төртінші кезеңіндегі (Skate America 2026) сәтті өнері әсер етті. Қысқа бағдарламадан кейін 11-орында тұрған Самоделкина еркін бағдарламада 137,56 ұпай жинап, маусымдағы жеке рекордын жаңартты. Ол ресми халықаралық жарыста күрделі үштік аксель элементін сәтті орындаған алғашқы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ретінде тарихқа енді. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша 198,59 ұпай жинаған Софья жалпы есепте 5-орынға тұрақтады.

Екі кезеңнің нәтижесінде 14 ұпай жинаған отандасымыз желтоқсандағы Гран-при финалына ілікпегенімен, алдағы маңызды додаларға – соның ішінде 2027 жылдың ақпанында Алматыда өтетін Төрт құрлық чемпионатына сақадай сай дайындалуда.

Осылайша, Қазақстан ISU әлемдік рейтингінің үздік ондығында қос бірдей жекелей сында еніп отыр. Ерлер арасында 2026 жылғы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров (4261 ұпай) екінші орында тұр.

Айта кетейік, осыған дейін Самоделкина Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар