Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ғылыми жобаларды бес жылға қаржыландыру неге кейінге қалды – министр себебін айтты

kz.kursiv.media

Ғылыми жобаларды бес жылға қаржыландыру неге кейінге қалды – министр себебін айтты

Қазақстанда ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды бес жылға жоспарлау мәселесі жаңа заң нормаларының іс жүзіндегі нәтижесі талданғаннан кейін қаралады. Ал әзірге мұндай жобаларға жұмсалатын шығындар төрт жылға жоспарланады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев депутаттардың сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Депутаттар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бес жылдық мерзімге іріктеу конкурсын өткізуді және олардың төртінші, бесінші жылдардағы шығындарын кейінгі бюджет кезеңдерінде жоспарлау мәселесін көтерген.

Министрдің айтуынша, қолданыстағы заңнама ғылыми жобаларды бес жылға дейін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңның 34-бабына сәйкес, жобаларды іске асыру туралы шарт бүкіл жұмыс мерзіміне жасалады. Алайда оның ұзақтығы бес жылдан аспауға тиіс.

Биыл 24 маусымда «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңға өзгерістер енгізілген. Оған сәйкес, ғылыми жобаны іске асыру мерзімі келісімшарт жасалған күннен бастап есептеледі. Сондай-ақ күнтізбелік жоспардағы барлық іс-шараның орындалу кезеңі ескерілуі керек.

Осы өзгерістерге байланысты ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруға арналған шығындар төрт жылға жоспарланады.

Қаржы министрлігі жаңа нормалардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін бағалау үшін белгілі бір уақыт қажет деп санайды. Атап айтқанда, жобалардың мерзімін келісімшарт жасалған күннен бастап есептеу тәртібі, қаржыландыру тетіктері және бюджет шығындарын жоспарлау мен орындау мәселелері бойынша тәжірибе жинақталып, талдау жүргізілуі керек.

«Заңның жақында ғана қабылданғанын ескере отырып, ғылыми жобаларды іске асыру мерзімін келісімшартқа қол қойылған күннен бастап есептеу нормаларының іс жүзіндегі нәтижесін және оларды қолдану тетіктерін бағалау үшін осы ережелерді қолдану тәжірибесін қорытындылап, тиімділігіне талдау мен мониторинг жүргізу қажет», – делінген министрдің жауабында.

Осыған байланысты Қаржы министрлігі ғылыми жобаларды бес жылдық кезеңге жоспарлау мәселесін жаңа заң нормаларын қолдану тәжірибесі қорытындыланғаннан кейін қарастыруды ұсынды.

Сондай-ақ ғылыми жобаларды бес жылдық кезеңмен іске асыру мүмкіндігі сақталады. Оларды басымдықтары мен кезеңдеріне қарай біртіндеп жүзеге асыруға болады.

Тағы да оқыңыз: Ғылыми жобаға бөлінген 945 млн теңгені жымқырған күдікті қамауға алынды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар