Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Аты аңызға айналған Роналдиньо 11 жылдан кейін алаңға қайта оралды

kz.kursiv.media

Аты аңызға айналған Роналдиньо 11 жылдан кейін алаңға қайта оралды

Бразилиялық әйгілі футболшы Роналдиньо 11 жылдық үзілістен кейін ресми матчқа қатысты. 46 жастағы ойыншы Италияның «Равенна» клубы сапында алаңға шықты.

Роналдиньо Италияның үшінші дивизионы – C сериясының 14-турында «Форлиге» қарсы кездесуде «Равеннаның» негізгі құрамынан орын алды. Бапкерлер штабының жоспары бойынша бразилиялық футболшы алаңда шамамен 30 минут ойнауы тиіс болған.

Роналдиньо бұған дейін соңғы ресми кездесуін 2015 жылғы 26 қыркүйекте Бразилияның «Флуминенсе» клубы сапында өткізген. Ал 2018 жылдың қаңтарында кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялаған болатын.

A post shared by Ronaldo de Assis Moreira (@ronaldinho)

2026 жылдың жазында футболшы «Равеннамен» келісімшарт жасасып, клубтың үлесін сатып алды. Команда президенті Иньяцио Чиприани Роналдиньоны шақыру көптен бергі арманы болғанын айтқан.

Айта кетейік, Роналдиньо – 2002 жылғы әлем чемпионы және 2005 жылғы «Алтын доп» иегері. Ол кәсіби мансабында 299 гол соққан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар