Қазақ стюардессасы Кувейтте ауырып, жақындарын танудан қалды
Қазақстандық стюардесса Кувейтте жүріп ауырып, жақындарын танудан қалған. Бұл туралы СІМ Baq.kz порталына берген жауабында жазылған.
25 жастағы жолсерік Непалдан Кувейтке барғаннан кейін аурухана түскен. Алғашында бойжеткен екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, кейінірек жағдайы жақсара бастайды. Бірақ бірнеше күннен соң денсаулығы қайта нашарлап, ес-түсін білмей, туыстарын да танудан қалады.
СІМ мәліметінше, қазір қазақстандық дипломаттар бойжеткеннің отбасымен, емделуші дәрігерлермен байланысып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Стюардессаның қандай аурумен ауырғаны, нақты диагнозы әзірге белгісіз.
Бойжеткеннің шетелде ауырғаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде де жазылды. Кейбір қолданушылардың сөзінше, рейстен кейін экипаждың басқа мүшелерінің де қызуы көтеріліп, басы ауырған. Бірақ олардың қазіргі жағдайы туралы ресми хабарланған жоқ.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
16 қараша 2026