Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"-18 градусқа дейін аяз және жел": елде ауа райы күрт бұзылады

kz.kursiv.media

-18 градусқа дейін аяз және жел: елде  ауа райы күрт бұзылады

«Қазгидромет» РМК 17, 18 және 19 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес елдің алдағы күндері елде ауа райы күр өзгеріп, нашарлайды.

«Кең ауқымды жоғары қысым аймағы еліміздің шығысына қарай жылжиды. Оның әсерінен Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Алайда антициклонның орнын солтүстік циклонның терең жырасы басып, алдағы күндері ауа райы жағдайын нашарлатады», – делінген хабарламада.

Алдымен еліміздің батысында, кейін солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр және қар аралас жауын-шашын жауады. Көктайғақ құбылыстары күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аудандарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Түнгі уақытта еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмен болады. Қазақстанның орталығында, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің таулы аудандарында ауа температурасы −13…−18°С-қа дейін төмендейді.

Күндіз ауа температурасы еліміздің батысы мен шығысында +5…+10°С-қа дейін, оңтүстік-батысында +10…+15°С-қа дейін, оңтүстігінде +10…+20°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +10…+18°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы −1…+4°С шамасында болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар